Ордабасыда мемлекеттік бағдарламалар аясында мал шаруашылығы белсенді дамуда

СЫБАҒАДАН» СЫЙ, «ҚҰЛАННАН» ҚОЛДАУ ТАПТЫ » Жалағаш жаршысы

Ордабасы экономикасының негізгі салаларының бірі – ауыл шаруашылығы. Ауданның ауылшаруашылығы саласында 43 млрд 931 млн. теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6 млрд .615 млн. теңгеге артты. Оның ішінде, мал шаруашылығы 22 млрд. 860 млн. теңгені құраса, егін шаруашылығы 21 млрд.009 млн. теңгені құрады.

Ауданда «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары аясында мал шаруашылығы белсенді түрде дамытылуда. Сондай-ақ, аталған бағдарламалар аясында ауданға қарасты Бөржар ауылдық округіне шаруаларды ұйымдастыру бойынша 125 асыл тұқымды бұқа, 400 қой, 35 жылқы сатып алынып, 100 пайызға орындалды. 

4 шағын мал бордақылау алаңын құру жоспарланса, толығымен жүзеге асты. Сүт фермаларын құру жоспары 3 бірлік, орындалғаны 4-ке жетіп, 133 пайызға орындалды.

«Қаржау-ата» ЖШС-гі 153 млн. теңгеге 1000  ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын ұлғайтты.

Ауыл шаруашылық және үйіргелік жерді түгендеу жұмыстары нәтижесінде 85 га жер телімі анықталып, актіленіп, аудандық жер қорына алуға ұсынылды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер