Айға сыр ақтарған ақын

Screenshot_31.png

«Айға сыр». Жүрек сырын жырларымен жеткізіп, жанына дауа тапқан жас ақын Гүлсара Расулқызының алғашқы жыр жинағы осылай аталды. Шым қаламыздағы Абай кітапханасында тұсауы кесілген кешке жас ақынның оқырмандары қатысып, аға буын өкілдер ақ батасын берді.

Айға сырын ақтарған ақын қыздың туындылары өмірді сүюге, махаббатты аялауға шақырады. Оның нәзік жүрегінен шыққан жырлары әуелі әлеуметтік желі арқылы өз оқырманын тауыпты. Гүлсараның туындылары шынайылығымен, әдемі әлемімен қаламгерлердің де назарынан тыс қалмапты.

"Гүлсара қазақстан аумағында құрылған «Көкбөрі» ақындар бірлестігінің  белді мүшесі. Ол поэзиямен бірге прозаны да қатар алып келеді",- дейді  ақын, «Көкбөрі» ақындар бірлестігінің төрағасы Абдулмахмут Пошатаев.

Гүлсара арбаға таңылса да, еш мойыған емес. Қиялы ұшқыр, жаны өте нәзік қыздың қысқа әңгімелерінде өмірдің шындығы жатыр. Мен өз «әлемімнен» күш-қуат аламын, - дейді ол.

"Өлеңдерден басқа проза жанрын да алға тартып жүремін. Балаларды кітапқа бағытындағы дүниелер жазғым келеді",- дейді жас ақын.

 Кездесу  өнегеге толы  болды. Тағдырдың жазуымен ауыр дертке шалдыққан  Гүлсараның өмірі қиындықтарға толы болса да,  мұңайған емес. Себебі оның серігі –қаламы болды.

Көпке берері мол кеш - әлі де жалғасын таппақ. Өйткені  іздеуші  оқырманы бар.




 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер