Осыдан бір жыл бұрын Шымкент қаласының қоғамдық көліктері жол ақысын электрондыформатта қабылдай бастаған болатын. Яғни Төлемге 1 жыл толуда. Жаңа жоба "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдароамасы аясында жеке инвестор QazSmartTrans ЖШС-і есебінен іске асырылған болатын. Инвестицияның көлемі – 1,2 млрд теңге. Қоғамдық көлікте жол жүру ақысын төлеу үшін төлем карталарының 4 түрі қарастырылған. Стандарттық (жалпы пайдалануға), мектеп оқушылары, студенттердің және жеңілдетілген карталар.
Төлем өзінің өткен 1 жылында көптеген іс-шаралар өткізіп, халықтың жолақы төлеу жүйесін электронды форматқа ауыстырды. Атап айтқанда:
- Арнайы тұрғындар үшін фронт офис жабдықталып, қызмет көрсету орталығы ашылды;
- Арнайы медицина күніне арнап, медбикелер мен тазалықшыларға 1000 данадан астам қоғамдық көліктерде жүретін төлем карталарын табыстады;
- Арнайы науқандар ұйымдастырып, Төлем картасын қолданушылар арасынан жеңімпаз анықтап, 100 жол жүру құнын сыйға тартты;
- Beeline абонентін қолданушыларға жарты жыл көлемінде біршама жеңілдіктер ұйымдастырылды;
- Төлем жүйесін қолданысқа енгізу барысында бізбен бірге көптеген еріктілер ат салысып, автобустарда Төлем жүйесін кеңінен насихаттап, кемшіліктерді түзетуге көмектесті.
"Төлем өз жұмысын сіздермен байланыстырып, халыққа қызмет көрсетуге әрдайым дайын. Сондай-ақ алда әлі талай сыйлықтар, науқандар мен іс-шаралар тосатынын хабарлаймыз",- дейдіQazSmartTrans ЖШС өкілдері.