Туризм әлеуеті бойынша Шымкент алғашқы бестікте

Screenshot_2.png

Шымкентке 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 158 224 турист келген. Ресми мәліметтерге сүйенсек, оның ішінде 152 801 турист Қазақстан азаматы болса, 5 423-і шетелдік саяхатшылар. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2 есеге өскен. Олардың басым көпшілігі Ресей, Өзбекстан, Түркия және Қырғызстан елінің азаматтары. Туризм саласы мықты дамыған елдер үшін бұл көрсеткіш өте  аз болуы мүмкін. Десек те, туризм әлеуеті бойынша Шымкент қаласы республикада алғашқы бестікте.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың креативті секторын дамытуға айрықша назар аудару туралы тапсырма берген-ді. Осыған орай, Шымкентте бұл сектордың дамуын үйлестіру функциясы қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасына жүктелген. Өйткені, креативті индустрияның ішіндегі ең маңызды әрі елеулі сектор туризм екені талассыз. Тіптен, Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректеріне сүйенсек, туризмнен түскен табыс мұнай өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Ал, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.

Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мамандарының мәліметінше қаламызға келуші әр турист бір күнде орта есеппен 70 АҚШ долларын жұмсайды екен. Және кем дегенде шырайлы Шымкентімізде 2 күн тұрақтап, тарихи-мәдени, сакралды орындарды тамашалауға көбірек уақыт бөлетін көрінеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер