Шымкенттің «бауыры» көбеюде

Screenshot_4.png

Мемлекет басшысы тарапынан ел экономикасындағы жаңа бағыт – «креативті индустрияны» дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Тіптен, аталған саланы мемлекеттік қолдау тетіктері қарастырылып, Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан арнайы концепция әзірленген.

— Туризм және сыртқы байланыстар басқармасына тамыз айынан бастап креативті индустрияны дамыту функциясы беріліп отыр. Осыған орай, қыркүйек айында «Шымкент қаласында креативті индустрияны дамыту бойынша кеңес» бекітілді. Кеңес құрамына мемлекеттік мекемелер, депутаттар, бизнес-қоғамдастық пен жоғарғы оқу орындары, барлығы 25 адам кірді. Қараша айында аталған кеңес мүшелерінің алғашқы отырысын өткізіп, 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту көзделіп отыр, - дейді Шымкент қалалық туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Ермекұлы.

Сондай-ақ қалада туризмді дамыту мақсатында  сыртқы байланыстар бағыты бойынша да атқарылған жұмыс жетерлік. Аталмыш басқарма жыл басынан бері республиканың өңірлерімен 20 меморандумға қол қойса, 9 қаламен бауырластық қарым-қатынас орнатқан. Сондай-ақ, Ұлыбританияның Стивенэйдж қаласымен бауырластық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай қала көшелерінің біріне «Қазақстан» атауын беру бойынша келіссөздер жүргізілуде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер