«Қазпочта» АҚ Шымкент қаласы әкімдігінің ұсынысы бойынша «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» почта маркалары сериясы аясында «Шымкент қаласына 2200 жыл» почта маркасын қолданысқа енгізді. Марканың өлшемі: 32.7*32.7. Таралымы: 9000 дана. Авторы - дизайнер: Н. Сонина және И. Оңғарбай. Марканы «Қазпочта» АҚ-ның кез келген бөлімшесінен сатып алуға болады. Сонымен бірге «Қазпоштаның» интернет-дүкенінен тапсырыс беруге де болады.
Еске сала кетсек, ЮНЕСКО Бас конференциясының 40-шы сессиясының шешімімен Шымкенттің 2200 жылдығы ЮНЕСКО-ның 2020-2021 жылдарға арналған атаулы күндер мен мерейтойлар күнтізбесіне енгізілген болатын. Мерейтойды мерекелеу аясында қалада бірқатар іс-шаралар өткізілуде.
Айта кетейік, биыл Ұлттық пошта операторы «Фауна» және «Ұмытылмас және мерейтойлық даталар» сериясы бойынша әртүрлі тақырыпта 13 млн дана стандартты пошта маркаларын айналымға шығарады.
Пошта маркасы – бұл пошта операторының жазбаша хат-хабарларды жіберу қызметіне ақы төленгенін растайтын пошта төлемінің мемлекеттік белгісі.