Сал-серілер Шымкентте бас қосты

Screenshot_6.png

Оңтүстіктің дүлдүлдерімен Сыр елінің сал-серілері Шымкентте бас қосты. Отырған жерлерін ән мен күйге бөлеген дәстүрлі әнді дәріптеушілер бүгін Қаратау өнер мектебінде шөліркеген көрерменнің құлақ құрышын қандырды. Екі өңірдің махамында жыр алыбы Жамбылдың шығармалары дәріптелді. Сондай-ақ, тұғыры биік тәуелсіздік жайындағы жыр-дастандарда шырқалды.

Қатар келген қос мерекені қолдарынан келгенше дәріптеуге тырысқан дәстүрлі әншілер кеш шымылдығын  тәу еткен Тәуелсіздік турасындағы әндермен түрді. Әрмен қарай, қазақ поэзиясының әйгілі тұлғасы, жыр алыбы Жамбылды жырға қосқан дүлдүлдер түрлі махамда әннен маржан үлестірді.

Сонау Біржан мен Ақан серіден қалған жолды жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған шараға Сыр елінен 12 сал келіпті. Оларды құшақ жая қарсы алып жатқан қарт Қаратаудың өрендері де құр алақан емес.

Дәстүрлі әндерді көбінде теледидар мен радинодан тыңдайтын көпшілік, бүгін жанды дауыста естіп бір жасап қалғандарын айтады. Әсіресе, әр елдің махамында естіген ерекше екен, дейді қала тұрғыны Раушан Әмзеева.

Сыр елінің бастаған игі дүниесін, дәстүрге айналдыруды көздеп отырған қаратаулықтар, әрмен қарайғы кешті Жетісу өңірінде жалғамақ ниеттері бар екендерін айтып қалды. Дәстүрлі ән өнерін жандандырушылар, бұл жолы жастарды жандарына көбірек тартуды көздеп отыр екен.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер