Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жұмысшы топ бұл жолы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті мен Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің шәкірттерімен жүздесті.
Кездесуде архивтер мен жергілікті мұрағаттардан бөлек қалаға қосылған елді мекендерде де зерделеу жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Отырыста ұстаздар мен жастар және еріктілер тарапынан көптеген ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды. Жалпы кешегі солақай саясаттың құрбаны болған әрбір қазақстандықтың ақталуы керек екендігі сөз болды. Зұлмат жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, ақталмаған туыстары бар жандардың Шымкент қаласы әкімдігіне хабарласуына болатыны,да айтылды.
"Бүгінгі болып жатқан іс-шара бұл ҚР еліміздің 20-шы жылдан бастап құғын-сүргін көрген азаматтарды толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Шымкент қаласы бойынша жұмысшы тобы. Қаланың аумағына жаңадан қосылған ауылдар, мөлтек-аудандар осылардың барлығына экспедиция жүргізіледі. Ол бес бағытта жүреді. Тек қана зерттеушілер емес сонымен қатар студент волонтёрлар қосамыз. Бүгінгі болып жатқан жиын студент волонтёрларға мемлекеттік арнайы бағдарламаның маңызын, мақсатын түсіндіру",- дейді жұмысшы топ мүшесі, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлнар Жанысбекова .