Бизнеске қолдау көп

Screenshot_8.png

Шымкент қаласындағы  «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисінің маманы Эльмира Айтмурза жеке кәсібін жолға қоюды мақсат еткен мемлекеттік бағдарламалар жемісті жүзеге асып отырғанын мәлімдеді. Соның нәтижесінде өзі табыс тауып, өзгеге де жұмыс беріп отырған іскерлердің қатары көбеюде. Мысалы, өткен жылдан бері шаһарда «Мен кәсіпкер боламын» жобасы табысты жүріп жатқанын айтады. Былтыр 45 жеке кәсіпкер несие рәсімдесе, биыл тағы 80 азамат бизнесті қолдауға өтінім қалдырыпты.

– Кәсіп бастауға 1 пайызбен жеңілдетілген несие береді. Ол несиені тек 21-29 жас аралығындағы жастар мен әйелдер ғана алады. Әйел кәсіпкерлерге де қатысты шарт осыған ұқсас. Жас мөлшері 21-58 аралығында болуы тиіс. «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы 2019 жылы қала әкімінің қолдауымен ашылған болатын. 2019-2021 жылдарға жоспарланған бағдарламаға биыл өзгерістер енгізілуде. Аталған жоба 2025 жылға дейін ұзартылып жатыр. Соған қарай 2020 жылы бізде 45 кәсіпкер өздеріне тиесілі 10 млн теңгеге дейін жеңілдетілген 1 пайызбен несие алып, өз кәсіптерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алды. Қазіргі таңда оның бір пайызын қарыз алушы, яғни, кәсіпкер төлейді. Ал 7,5 жылдық пайызына мемлекеттің атынан «Shymkent ӘКК» АҚ субсидия жасап отыр, - дейді Эльмира Өскенқызы.

Эльмира Айтмурзаның айтуынша, биыл кәсіпкерлерді қолдауға мемлекеттен 1 млрд. теңге бөлінген. Сондай-ақ, кредит үлестіретін екінші деңгейлі банктердің де саны артқан.

– Кәсіпкер бұл ақшаны сән-салтанат затын сатып алуға, той-томалақ өткізуге, шетелге қыдыруға және басқа да тұтынушылық мақсатқа жұмсай алмайды, тек жаңа кәсіп ашуға немесе бұған дейінгі кәсібін кеңейтуге бағыттауға тиіс. Тиісті құжаттарды фронт-офиске өткізген соң, 23 жұмыс күнінде екінші деңгейлі банктер төлем қабілеттерін тексеретінін айтады. Ең бастысы, кәсіпкердің несие тарихы жақсы болуы керек және бюджеттің, қаржы институттары мен салық органдарының алдында мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс, - дейді ол.

Кәсіпкерлердің көп болғаны, әрине, халыққа да тиімді. Бір азамат кәсіп ашса, он азаматты жұмысқа тартады. Бұл он отбасының әл-ауқаты көтеріледі деген сөз.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер