Бизнес - экономика тірегі

Screenshot_3.png

Қала экономикасын дамытудың басым бағыты шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. 2021 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша қала бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 72,7 мың бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2% артқан. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Тимур Дербіс мәлімдеді. Ол бұл көрсеткіштер атқарылған жұмыстардың нәтижесі болып табылатындығын атап өтті.

Ел экономикасының ілгері басуына шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Дамыған елдерде экономиканың қомақты бөлігін осы шағын кәсіпкерлік құрайды. Сондықтан біздің елімізде де шағын және орта бизнестің қанат жаюына жағдай жасап, табысты саланың өркендеуіне айрықша көңіл бөлуде.

Бүгінгі таңда үкімет тарапынан бизнесті қолдау мен дамытудың бірнеше мемлекеттік бағдарламалары қабылданған. Атап айтсақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы», Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары. «Бизнестің жол картасы - 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында қала мегаполис статусын алғалы республикалық және жергілікті бюджеттен 18,1 млрд. теңге бөлініп, 3 мыңнан астам жобаларға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында 3 жылда 2,8 млрд. теңге бөлініп 274 кәсіпкерге қолдау көрсетілген. Нәтижесінде 326 жаңа жұмыс орындары құрылған және қолдау кәсіпкерлердің басым бөлігі көлік қызметі, қызметы көрсету және өндіріс секілді салаларында.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер