4 дүңгіршек ашты

Screenshot_4.png

Елімізде "1000 сауда нүктесі" инвест жоба ретінде бекітіліп, былтырдан бері жүзеге асырылып келеді. Осы уақыт аралығында үшінші мегаполисте аталмыш жоба аясында  64 дүңгіршек ашылған. Соның бірі 11 шағын ауданда орналасқан дүңгіршек балық өнімдерін сатумен айналысады. Жеке ксіпердің айтуынша жоба аясында 4 дүңгіршек ашып, жұмысын жандандырған. 

«SHYMKENT» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы ұсынған "1000 сауда нүктесі" инвест жобасына қатысып, 4 дүңгіршек аштым. Құжат дайындауға және жер телімін іздеуге көп уақыт кетеді. Корпорация қызметкерлерінің көмегімен жер телімін жылдам, яғни  1 ай көлемінде таптым. Бизнесімді бастағаннан кейін 6 айдан соң ғана жалдау ақысын төлеуді бастадым. Бір дүңгіршекке шамамаен 50-60 мың теңге төлеймін", - дейді жеке кәсіпкер  Тимур Арманшин. 

Конкурсқа қатысушылар «SHYMKENT» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының тиісті талаптарын орныдауы керек. Ол үшін азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі тиіс. 

"Бұл сауда нүктелерін алу үшін біз әр айдың басында конкурсқа жер учаскелерін шығарамыз. Жер телімдері комиссия отырысының нәтижесінде беріледі. Бүгінге дейін берілген 64 дүңгіршектің басым бөлігі фаст-фуд кәсібіне берілді. Екінші жеміс жидек, үшінші кофейня, одан кейін ет, балық сатуға тағы сол секілді кәсіппен айналысуға берілді. Кәсіпкерлердің бизнес жоспарларын біз бәрін тегін жасап береміз",- дейді  «SHYMKENT INVEST»  фрон-офис басшысы Ғани Өмірзақов.  

Атап өтейік, жалға алынған дүңгіршектерде жылжымалы асхана кофеханалар, нан, тоқаш, балмұздақ, жеміс жидек, газет сатуға  және кәдесый мен гүл сату орнына айналдыруға болады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер