Кәсіпкерлердің жағдайын бақылап қайтты

Screenshot_7.png

Үшінші мегаполисте "Мен кәсіпкер боламын" бағдарламасы арқылы 1 пайыз жеңілдетілген несие алушылар саны артып келеді. Қазіргі таңда аталмыш бағдарлама бойынша 50-ге жуық кәсіпкер несие алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Осыған орай арнайы мониторингтік топ құрылып, кәсіпкерлердің жұмыс барысын бақылап қайтты. Мониторингтік топ құрамында екінші деңгейлі банк қызметкерлері, қауіпсіздік қызметінің басшысы және фронт-офис өкілдері бар.

Айта өтсек, «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы Шымкентте арнайы жастар жылына және әйелдер кәсіпкерлігін қолдау мақсатында өткен жылы ашылған болатын. 21-29 жастағы ерлер мен 21-58 жас аралығындағы әйелдерге 1 пайыздық несие алуға мүмкіндік береді. «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның бизнеске арналған үкімет фронт-офисі нақ осы кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидатымен қызмет көрсетіп, несие алуға бағдар береді.

Жалпы 2025 жылға дейін  «Мен кәсіпкер боламын» бағдарламасы аясында 100 жобаға несие беру жоспарлануда. Сонымен қатар қалада алдағы бес жылда 2,5 трлн теңгеге 211 инвестициялық жоба  (14 мың жұмыс орны) іске асырылмақ. Атап айтқанда өнеркәсіп бағытында 98, сауда 15, ауылшаруашылығы 98, білім 20, тұрғын үй 31 және денсаулық сақтау 9жоба қолға алынбақ. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер