Шағын және орта бизнес жанданып келеді

Screenshot_7.png

Бизнес саласын жандандырып, Шымшаһарда орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау көрсетуде Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы жанынан «Shymkent-Atameken» микроқаржы ұйымы құрылғаны белгілі. Қазіргі таңда  «Бастау-Бизнес» бағдарламасының сертификатын алып, өз жобасын қорғаған тыңдаушылар жылдық 6% несие алып, кәсіптерін бастауда.

– Қалалық Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған микробизнеске несие беретін микроқаржы ұйымында «Shymkent-Atameken» МҚҰ, Атамекен ҰКП-да - 51% және «Шымкент ӘКК» - 49% үлесі бар. Бұл жоба Үкіметтің 2021 жылғы 4 маусымдағы №382 Қаулысына сәйкес іске асырылуда. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында ағымдағы жылы 1,5 млрд теңге көлемінде қаржыландыру қарастырылған. Осылайша, Шымкент қаласы бойынша жеңілдетілген шағын несиемен «Бастау бизнес» жобасының 150-ден астам тыңдаушысы қамтылады», - дейді Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

Нұрлан Қабыштаевтың айтуынша, соңғы жылдары банктік несие құрылымдары ірі несие алушылармен ғана сенімді жұмыс жасайды. Несие беруді ірі бизнестің пайдасына ауыстыру тенденциясы түсінікті. Банктер шағын бизнеске несие беруден қорқады, өйткені қайтарылмаудың үлкен қаупі бар. Осы себепті, микробизнеске несие беру жағдайын бағалап, «Атамекен» ҰКП бүкіл аймақтарда микроқаржы ұйымдарын аша бастады. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының және шағын қаржыландыруды дамыту құралдарын қайта қарау туралы тапсырма берді. Содан кейін «Атамекен» ҚР ҰКП мүдделі министрліктермен бірлесіп шағын қаржыландыруды дамыту бойынша жаңа тәсіл ұсынып отыр. Бүгінгі таңда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша несиелендіру шарттары анықталды. Қазақстан бойынша шағын кәсіпкерлікті дамытуға 22,5 млрд теңге бөлінді, оның 1,5 млрд теңгесі Шымкент қаласына берілді.

Енді «Бастау Бизнес» жобасының түлектері өз бизнесін ашуға немесе дамытуға үлкен мүмкіндік алады.

– Шағын несиені 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобаларды 7 жылға дейін рәсімдеуге болады. Микрокредиттің ең жоғарғы сомасы 8 мың АЕК (23,2 млн.теңге) құрайды. Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 6%. Бұл ретте, микроқаржылық ұйым «Бастау Бизнес» жобасын бітірушілерге микрокредит беруге байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды немесе өзге де төлемдерді алмайды. Жаңа бастаған кәсіпкерлерде шағын несие алу үшін бизнес түрлері бойынша шектеулер жоқ. Уақытша өтеулі қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын қоспағанда кез келген жылжымайтын мүлік негізгі кепіл бола алады. Бұл ретте негізгі кепілмен қамтамасыз ету құнының үлесі кепілмен қамтамасыз етудің жалпы құнының 70%-нан кем болмауы тиіс, - дейді «Shymkent-Atameken» МҚҰ директоры Бауыржан Пернеев.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қаламгерлерге арналған байқау
  • «Мәртебелі оқырман» төрінде - Күлия Айдарбекова
  • Тәуелсіздікті толғаған кеш
  • Балалар фольклоры - тәрбие негізі
  • Ақынның өмірінен сыр шертті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер