Күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Screenshot_1.jpg

Коронавирусты тоқтатудың, оның алдын-алудың жолы - адамның көп жиналуына тиым салу. Адам көп жиналған жерде аурудың тарау қаупә де жоғары. Осыған орай бүгін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлының тапсырмасымен аудан әкімінің орынбасары М.Оразалиев бастаған мобильді топ Қарабұлақ ауылындағы дәмханалар мен мал базарын аралап, өз көздерімен көріп сатушыларға бірқатар ескертулер жасалып, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына мобильді топ тарапынан ұсыныс жолданды.

Сондай ақ  аудандық полиция басқармасы тарапынан мобильді топ мүшелерінің анықтаған Қарабулақ ауылындағы  "Жаңа мал базар" карантин талаптарын сақтамай жұмыс істегені үшін жеке кәсіпкер Хасанов Уткиржан Нематжановичке ҚРӘҚБтКодекстің 425 бап 1 бөлігімен айып пұл салынды.

Өз кезегінде М.Оразалиев аудан тұрғындарына үндеу жасады. Вирусты өмірімізден біржолата алыстату үшін қатаң тәртіпке бағынғанымыз абзал екенін айтып, карантин талаптарын сақтау керектігіне тоқталды. Карантин талаптарын сақтаудың ең қарапайым ережесі - арақашықтықты және маскалық режимді сақтау. Ел саулығын сақтау мақсатында аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтар күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Түркістан облысы экономикалық өсім бойынша республикада 1 орынға шықты
  • Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы 7 жылда 3 есе өскен
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер