Тазалық - денсаулық кепілі. Айнала таза болып тұрса көңіл-күй де көтеріңкі болады. Осыған орай Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылы, Гулистан көшесінің тұрғындары жазғы демалыс кезінде пандемияға байланысты әр-түрлі ойын сауықтарды шегеріп, уақыттарын мазмұнды өткізу үшін асар ұйымдастырды. Көше жолдары бойындағы жаяу жүргіншілер және жүк көліктерінің өтуіне кедергі болатын ағаштар алынып, арықтар қоқыстардан тазартылды. Күзгі және көктемгі жауын-шашында суы жолға шығып жататын арықтарға арнайы трубалар қойылып жөнделді.
"Жолдың дұрысталып жөнделгені ең әуелі өзіміз үшін, қала берсе ауылымыз үшін пайдалы дейді",- көше тұрғындары.
Қарабұлақ бастауыш партия ұйымы және «Jas Otan» жастар қанатының белсенділері «Эко Асар» жобасы аясында жүзеге асқан шараның қалған бөлігі «Қарасу» өзені жағасында жалғасты.
Негізі кезінде өзен жағасында жүздеген бұлақтар болған. Антропогендік әлеуметтік әсердің салдарынан бүгінде өзен аңғарлары, эрозияға ұшырап, судың ағысы арнасын өзгертіп, табиғатқа нұқсан келуде. Табиғат аясындағы демалыс кезінде тасталатын полиэтилен ыдыстар және әр түрлі қоқыстар шашылып төңіректің сәнін кетіруде.
"Асар барысында көзі бітіп қалған үлкен бұлақтың көзі ашылды, төңіректегі жерлер қоқыстардан тазартылды, «Айналайын,қоқыс тастама!» деп жазылған тақтайша ілуге тапсырыс берілді. Негізі бұл істер өзен жағасында атқарылуға тиіс жұмыстардың мыңнан бірі ғана. Осындай жұмыстар келешекте қоғамдық үлгіге айналса екен" - дейді Бастауыш партия ұйымының төрағасы Улугбек Баялиев.