Сайрам ауданы - тек Түркістан облысы еме, бүкіл республиканы етпен қамтамасыз етуде зор үлес қосып келеді. Сайрамдық шаруалар мал шаруашылығымен жоғары деңгейде айналысып, кәсіптерін жолға қойды. Тұтынушылар Сайрам ауданының мал өнімдерін алғысы келеді. Себебі өте сапалы. Денсаулыққа пайдалы. Осыған орай Сайрамда ауыл шаруашылығы саласы қарқынды түрде дамып келеді.
Қайнарбұлақ ауыл округінде орналасқан «Бозінген» шаруа қожалығы сауынды түйе шаруашылығы 2003 жылы бері айналысып келеді. Басшысы Әбілқасым Мұсатафаев. Шаруашылықта 32 түйе бар. Жылына 50 тоннада аса түйе сүтін өндіреді. Жер көлемі 20 га.
Аталған шаруашылық басшысы Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің бастамасымен ағымдағы жылы Қазығұрт ауданында өткен іс-тәжірбие алмасу семинарына қатысты. Бүгінде ол жаңадан жаңбырлатып суғару әдісін ендіруде қолдау табуда.
«Бұл әдістің ерекшілегі суға деген тапшылықтың болдырмауы және уақытылы егістік жерлерді сумен қамтамасыз етуде» - дейді шаруашылық басшысы Әбілқасым Мұсатафаев.
Егерде жаңбырлатып суғару әдісін қолдануға қызығушылық танытқан шаруашылықтар болса, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандарынан кеңес алуға болады.
Осылайша Сайрам ауданында ауыл шаруашылығымен айналысатындар кәсіптеріне жаңа технологияны қолданып, жоғары нәтижеге қол жеткізе алады.