Бүгін Сайрам ауданы Манкент ауылдық округінің әкімі Абдиғани Сайтмұратов Сайрам ауданы әкімдігінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.
Манкент ауылдық округінің жергілікті салық жоспарының 6 айға орындалуы төмендегінше: жылдық жоспар 89 млн. 776 мың тң болса, 6 айға 63 млн. 711 мың теңгеге орындалып, жылдық жоспардың 72 пайызы орындалды. Облыс және аудан бюджеті есебінен атқарылған жұмыстар Манкент елді мекені аумағынан өтетін ҚХА-3 Төлеби-Көксәйектен басталып, Айнабұлақ көшесінен өтіп, Ақсукент ауыл орталығына келіп жалғасатын облыстық маңызы бар жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ағымдағы жылда аяқталады. Бүгінгі таңға аталған жол бойына жолаяқ салу жұмыстары аяқталған. Аудан бюджеті есебінен Аққала-Сарқырама аудандық маңызы бар жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, бұл жол Аққала-Сарқырама-Манкент елді мекеніне келіп жалғасады, өтпелі жоба болып, биылғы жылы аяқталады. Аталған жол бойына жолаяқ салу жұмыстары басталып, ағымдағы жылы пайдаланысқа беріледі, - деді баяндамасында Абдиғани Өмірзақұлы.
Аудан бюджеті есебінен О.Құрбанов көшесінің 1,7 шақырым жеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Әбдіқадиров көшесіндегі жаңа құрылыс аумағына инфрақұрылым жүйелерін тартуға, атап айтқанда газ және электр жүйелерін тартуға 71 млн. аудандан бюджетінен қаржы қарастырылып, жұмыстар аяқталды.
Сондай-ақ 4 дана трансформатор орнатылып, бүгінгі таңға тұрғындар пайдаланысына берілді. Тамыз – қыркүйек айларында аталған жаңақұрылыс аумағындағы көшелерге асфальт төсеу жоспарланған.