Бүгінде Сайрам ауданының шаруашылығы түрленіп, кәсібі көбейіп, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жыл сайын артып отыр.
Ауданның экономикалық дамуын сипаттайтын басты көрсеткіш жалпы өңірлік өнім көлемі 2020 жылы 158,6 млрд.теңгеге жетіп, өсім 5,8% құраған болса, 2021 жылы жалпы өңірлік өнім көлемін 166,5 млрд.теңгеге немесе өсімін 5,0%-ға жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Ағымдағы жылдың 6 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 62 млрд теңгеге жетіп, өсім 7,3%-ды құрады. Жалпы өнімнің ішінде 48%-ы ауылшаруашылық саласына тиесілі. Экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады, өнеркәсіп өнімі 18,7%-ға, ауыл шаруашылық өнімі 5%-ға өссе, 9,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 42 мың ш.м құрады.
Аудандағы өндірілетін өнімдер өзімізді ғана қамтып қоймай, өзге аймақтарға да жіберіледі.
Былтырғы жылы 89,0 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 6,2%-ға жетіп, аудан 2 орында болған. Карантин режимі болса да шаруа тоқтаған жоқ. Биылғы жылдың 6 айында ауыл шаруашылығында 30 млрд.теңгеге өнім өндірілді, көктемгі егіс жұмыстарының мерзімінде жүргізілу нәтижесінде, былтырғы жылға қарағанда 1,4 млрд.теңгеге артық өнім алынды. Ауданның үлесі облыс көлемінде 13,9%-ды құрап, 2 орынға тұрақтады.