Сайрамда биыл 40 шақырымнан астам жол жөндеуден өтеді

Screenshot_5.jpg

Сайрам - Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан аудан. Сайрам ауданының аумағы арқылы республикалық маңызы бар жолдар өтеді. Сайрамға жан-жақтан келушілер өте көп. Сол себепті де ауданда жол мәселесі өте өзекті. Сайрам ауданы аумағында жалпы 1 276 шақырым автокөлік жолы бар. Оның 55,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Биыл аудан бойынша жалпы 42,1 шақырымды құрайтын 25 көше жөндеуден өтуде.

Бұдан бөлек, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сай, 40 жыл бойы жөндеу көрмеген Сайрам және Төлеби аудандарын қосатын күрежолға асфальт төселеді.  Облыстық маңызы бар КХ-3 «Көксәйек-Ақсу-Шаян-Мыңбұлақ» автомобиль жолының 22,5 шақырымы орташа жөндеуден өтуде. 

- 2020 жылы бастау алған жол жөндеу жұмыстары тамыз айында толықтай аяқталады. Жауапты мердігер мекеме  — «Корпорация Сити-Строй» ЖШС. Жаңарған жол бойындағы аяқжолдар да орташа жөндеуден өткізілмек, - деді аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша, жол сапасы жіті тексеріледі. Сапасыз жұмыс қабылданбайды. Сол себепті де мердігерлер жұмысты өте сапалы жүргіузде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанда биологиялық белсенді қоспалар мен дәрумендер өндіретін жаңа зауыт ашылуы мүмкін
  • Сайрамдық 32 отбасы баспаналы болды
  • Түркістан облысында ел тарихында алғаш рет 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді
  • Түркістан: Отбасын қолдау орталықтарында жыл басынан бері 4 мыңнан астам қызмет көрсетілген
  • Саурандықтар түркиядағы кәсіпорындармен келіссөз жүргізді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер