«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» жұмысын жандандыру басты назарда

Screenshot_7.jpg

ҚР Президенті Қ.К Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Сайрам аудандын «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы жанынан аудандағы қордаланған мәселелерді халықпен бірлесе отырып талқылап, оларды шешудің жаңа бағытын қалыптастыру мақсатында «Парасат» пікір талас клубы құрылған.

Клуб мүшелігіне Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ауыл округтеріндегі ел ағалары, қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен саяси партиялар, депутаттар, жастар, ұлт жанашырлары, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары енген. Қазіргі таңда мүшелер саны – 43. 

Жыл басынан бері клуб отырысы 3 рет өткізіліп, аудан тұрғындарын сапалы ауыз су, табиғи газ, электр энергиясымен қамту, жер мәселесі, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдаушараларысияқты өзекті мәселелер талқыланды.

- Аудандағы кей азаматтар қайбір мәселені шешудің ең оңай жолы - телеарна шақырып, сенсация  жасауға дағдыланып қалған сияқты. Олардың ойынша тек өз дегені болу керек. Мысалы, қасиетті Құрбан айттың бірінші күні аудан тұрғындарының бірі кәсіпкердің нысанына жеке басының мәселесін шешуге келіп, дегені болмаған соң оны тіке бопсалауға көшкен. Біреудің жекеменшік нысанында заң талаптары бұзылды деп жала жауып, жақтастарын ұйымдастырып, БАҚ-на шағымданған. Ақша істеп, оңай олжа табуды көздеушілердің осындай жаға ұстатар әрекеттері әдетке айналып барады. Ал журналистер осындай тұстардың анық-қанығын нақтылап, репортажға тақырып табылды демей, зерттеуді сапалы, жан-жақты жасағаны дұрыс деп есептеймін.

Әрине аудан үшін жаны ашитын тұрғындарға біз әр қашанда ашықпыз.  Сайрам ауданының тұрғындары өзекті мәселелер бойынша БАҚ өкілдеріне, блогерлерге жүгінетін. Ал қазіргі таңда аудан баспасөз қызметіне, яғни Сайрам ауданы әкімдігінің WhatsApp және    әлеуметтік желідегі парақшаларға жазуға дағдылануда. Қарапайым сұрақтар уақытылы жауап алынбаған жағдайда, өзекті мәселеге айнала береді. Ал біздегі мақсат уақытылы, мардымды шешім жолдарын үйлестіру. Жылдың басынан жәй ғана WhatsApp желісінің өзіне 274 сауал жолданып оның 201-і өз шешімін тапты, - дейді аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков. 

Сондай-ақ ауылдық округтерінің әлеуметтік картасы әзірленген. Картада елді мекендердің өзекті мәселелері көрсетіліп олардың шешілу мерзімдері белгіленген. Жұмыстар аудан әкімінің бақылауында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер