1083 шақырым жер электронды картаға енгізілген

Screenshot_9.jpg

Бүгін Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі Мұрат Оразбаев Сайрам ауданы әкімдігінде БАҚ өкілдерімен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған жұмыстар бойынша брифинг өткізді.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық жерлерін цифрландыру бойынша егістік жер -5697 га электронды картаға енгізіліп, жоспар 53 % ға орындалған. Жайылымдық мақсаттағы 1083  га жер электронды картаға енгізіліп, жоспар 55,2 % ға орындалды. Міндетті әулеуметтік медициналық сақтандыру және өзектендіру жұмыстары бойынша 829 адамды құрап, оның ішінен 218 адам БЖТ төлеген, 26 % орындалған.  

АӘК бойынша  шартты 100 отбасыға, шартсыз 25 отбасыға тағайындалды.  Ақбұлақ ауылдық округі бойынша жер қойнауын заңсыз пайдаланушылармен күресу жөніндегі  мобилді топ мүшелері тарапынан ТО Көлікті бақылау инспекциясымен бірге 5  техникаға айыппұл салынды және 7 құжатсыз ауыр автокөліктер Ақбұлақ ауылындағы  уақытша айыптұраққа қойылды,- деді өз баяндамасында Мұрат Жақсымбетұлы.

Электр жарығы бойынша 100% қамтылған. Ауылда көптеген электр бағаналардың тозығы жеткен. "Ауыл - Ел тірегі" 10 күндік іс-шарасы аясында 5 КТП шарбақпен қоршалып, 6 электр бағанасы мен 300 метр сымдары ауыстырылды.

Ауыл округіндегі 32 көше бар, бүгінгі таңда 30 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп барлығы-90% құрап отыр. Ауыл орталығына аудандық маңызы бар Ә.Құрмантаев көшесі өткен. Облыстық маңызы бар көше КХ-3 "Көксәйек-Ақсукент –Шаян" автожолының Ақбұлақ ауылынан өтетін бөлігіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер