Түркістанда бопсалаумен айналысқан топ ұсталды

image.png

Полицейлер Түлкібас ауданының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде деструктивті-діни ағым ұстанушылары мен маргиналды жастардан тұратын 7 күдіктіні ұстады. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар, ал екеуі ағайынды болып шықты. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов мәлімдеді.

- Жедел уәкілдер ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде 12 калибрлі 1 карабин, түрлі калибрлі 20-дан астам патрон, 7 дана діни әдебиет, пышақ, рация, казино чиптері және басқа да заттай дәлелдемелерді тәркіледі, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері күдіктілердің бірінің жұмыс орны, яғни цехтың ауласына жасырылған 2 тегіс ұңғылы карабин мен 7 оқ-дәрі тәркіледі.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «AMANAT» партиясы халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамаларды талқылады
  • ФинIQ – тест на финансовую грамотность
  • ФинIQ – қаржылық сауаттылыққа арналған тест
  • «Құқықтық мәдениет – жарқын болашақ кепілі» атты жастар форумы өтті
  • Облыстық фракцияның жиынында қысқы маусымға дайындық мәселелері пысықталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер