Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

image.png

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Wuhan Chengye Culture & Tourism Co., Ltd.» компаниясының заңды өкілі Чен Гаомен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестік орнату, өңірге инвестиция тарту және мәдени-туризм саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады.

Аймақ басшысы Түркістан облысының инвестиция тарту бағытында республика көлемінде көшбасшы өңірлердің бірі екенін атап өтіп, соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар мен қолайлы инвестициялық ахуал туралы мәлімет берді. Сондай-ақ инвесторларға арналған индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық алаңдардың мүмкіндіктерін таныстырып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат ұсынды. Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, нақты жобалар бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, 11 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасына 1,4 трлн теңге инвестиция тартылып, өсім 123 пайызды құрады. Нәтижесінде шамамен 146 мың жаңа жұмыс орны құрылды. Бұл – инвестицияның нақты экономикаға, тұрақты табыс пен салық базасына айналғанын айқын көрсететін басты индикатор.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шетелдік инвесторға Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды
  • Түркістан облысында 11 айда өнеркәсіп өнім көлемі 1,4 трлн теңгеге жетті
  • Түркістан облысында жаңа жылдың алғашқы тәулігінде 106 сәби дүниеге келді
  • ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ОРТА АЗИЯДА БАЛАМАСЫ ЖОҚ МАҚТА КЛАСТЕРІ ҚАЛЫПТАСЫП, ҮШ ІРІ ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
  • ЭКОНОМИКА МЕН АГРОСАЛА БАСТЫ НАЗАРДА
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер