Мақтаралда 5 отбасының заңсыз ақша алғаны әшкереленді

beysen.jpg

Мақтарал ауданында заңды ажырасса да бірге тұрып жатқан, табысын жасырған 2406 отбасының төлемі қайта есептелді. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың Мақтарал ауданының орталығында өткізген мәжілісінде айтылды.

Жетісай ауданынан кейін Мақтарал ауданына ат басын тіреген Бейсен Тәжібаев партиялас әріптестермен бұл аудандағы да АӘК-тің айналасында қордаланып қалған күрмеуі қиын мәселелерді талқылады. Баяндама жасаған Мақтарал ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М.Мұса ауданда жалпы 6453 отбасы 1,5 млрд. теңгеден астам әлеуметтік көмек алып отырғанын мәлімдеді. Бұдан бөлек, тағы 500 отбасы құжат өткізіп күтіп отыр. Соңғы күндері құжат өткізген 600-ден астам отбасына зерделеу жұмыстарына жүргізілгенде белгілі болғандай 101 отбасы артық алса, 5 отбасы атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз иемденген. 175 отбасының құжаты заң талаптарына сәйкес келмегендіктен кері қайтарылған.

– Жыл басынан бері партияның облыстық филиалына 4 мыңнан астам арыз-шағым түскен. Алғашқылардың қатарында Жетісай, Мақтарал аудандары тұр. Бізге жазылған шағымдардың басым бөлігі әлеуметтік мәселелерге қатысты болғандықтан бұл салаға ерекше назар аударуымыз керек. Мақтаралдан келіп түскен 232 арыз-шағым, өтініштердің бүгінде 159-ы толық қанағаттандырылған, – деді Бейсенбай Тәжібаев бастауыш партия ұйымы жетекшілерімен өткен жиында.

Сондай-ақ, «Е-халық» ақпарат жүйесіне енбеген отбасылар, заңды ажырасса да бірге тұрып жатқан, табысын жасырған 2406 отбасының төлемі қайта есептелгенін жеткізді. 

Партия филиалы әлеуметтік көмектің төңірегінде орын алған заңсыздықтар бойынша талдау жасап, жауапты мемлекеттік органдармен шешу жолдарын қарастыратын болады. Бастысы – xалықтың ортасында қажетті түсіндіру және құқықтық көмек көрсету жұмыстарын күшейту тапсырылды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер