28 млрд. теңге Түркістан облысын мемлекеттік қолдауға бөлінді

бадрахов.jpg

Түркістан облысы 19 мың тонна ет экспорттап, республикада көш бастады. Шетелге шығарылған өнімдер туралы бүгін Өңірлік коммукациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов айтты.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 629,8 млрд. теңгені құрады. 2018 жылмен салыстырғанда 85,5 млрд. теңгеге артқан. Негізгі капиталға 55,4 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылып, 23,7 пайызға артты. 

– Өңірде 70 мыңға жуық шаруа және фермерлік қожалық жұмыс істейді. Республикадағы үлесі – 35 пайыз. Биыл ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға 28 млрд. теңге бағытталып отыр. Жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2020 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемін 706 млрд.теңгеге жеткізу көзделуде, – деді басқарма басшысы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституциялық сотқа тікелей жүгіну – конституциялық бақылау органының басты ерекшелігі
  • Заңмен тыйым салынған вейппен күрес тоқтамайды
  • Волонтерлер жемқорлыққа қарсы
  • Жүргізушіге қойылған талапты мопед иелері де сезінсе
  • Алаяқтықтың өте қауіптісі — интернет алаяқтық
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер