Түркістан облысы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы бойынша республикада алдыңғы қатардан көрінгені белгілі. Баспана құрылысы әсіресе, облыс орталығы Түркістанда қызу жүріп жатыр.
Сонымен бірге облыстың аудан, қалаларында да халықты баспанамен қамтамасыз ету бағытында ілкімді істер бар. Мәселен Төле би ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы 66 отбасы тұрғын үймен қамтылған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Биыл Ленгір қаласындағы I мөлтек ауданында 5 қабаттан тұратын әрқайсысы 20 пәтерлі 9 үйдің құрылысы аяқталып, 180 отбасын тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр. Жалпы аумағы 11 000 шаршы метрді құрайды. Бұл туралы
Сонымен қатар, Қасқасу ауылдық округі Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Керегетас және Кеңесарық елді мекендеріне газ кіргізу жұмыстары жүргізілуде. Қасқасу ауылдық округі бойынша 65,7 шақырым газ құбырын тарту жоспарланған. Бүгінгі күнге 10 шақырым газ құбырының шұңқыры қазылды.
Қазіргі таңда Төлеби ауданындағы 55 елді мекеннің 48-і толық табиғи газбен қамтылған. Алдағы уақытта Диханкөл, Ұзынарық, Алшалы, Қасқасу, Жоғары Қасқасу, Керегетас, Кенесарық елді мекендеріне көгілдір отын кіретін болады.