Шымкентте «Шымкент-2200: жасампаз туристік қала бейнесі» форум-көрмесі өтуде

Screenshot_12.jpg

Шымкент қаласында Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат істері мен Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастыруымен «Шымкент-2200: жасампаз туристік қала бейнесі» форум-көрмесі басталды. 27 қыркүйекте Дүниежүзілік туризм күніне орайластырылған форумның алғашқы шаралары этникалық Шымқала қаласында басталды.

«Шымкент туристік әлеуеті жоғары, 2200 жылдық тарихы бар, өзінің тарихи өзегін сақтап қалған бірегей қала», - деді ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов. – Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, әлемде әрбір оныншы жұмыс орнын ашатын туризм саласы кез келген аймақ үшін ең перспективалы табыс көздерінің бірі болып табылады. Бұл форум туризм индустриясын дамыту үшін бәсекеге қабілетті және табысты жобаларды анықтау және өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін тамаша алаң болатынына сенімдімін».

Қазақ этноауылының қонақтары Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы, Қызылорда, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе облыстарының қолөнершілері мен өнерпаздарының шығармашылығымен танысып, жергілікті тағамдардан дәм татты, театрландырылған көріністерді тамашалады.

Сонымен қатар, шараға қатысушылар Сайрам тұрғын алабындағы цитадельді, Ибрагим ата кесенелерін, Қарашаш ана кесенелерін, Бәйдібек би ескерткішін, «Қазына» этно кешенін, Жайлаукөл саябағын, А.Асқаров дендросабағын, Visit Shymkent ақпаратын тамашалады. 

Іс-шараның екінші күнінде форум өтеді. Форум аясында БАҚ, ІТ-жобалар, креативті архитектура, туризм саласындағы шығармашылық қызмет көрсету, қаланың қолөнер брендтері және гастрономия бағыттары бойынша креативті жобалар байқауының қорытындысы шығарылады. Жобаларды бизнес өкілдері, туризм мамандары және шығармашылық тұлғалар бағалайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер