Fashion-технологиялар арқылы туризм мен кәсіпкерлікті қатар дамытуға болады

Screenshot_14.jpg

Шымкент қаласында киім дизайнерлерінің қауымдастығы құрылды. Қауымдастықтың төрайымы Жанна Елтанова Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында көпшілікке жаңа бірлестікті таныстырды. Қауымдастықтың миссиясы – дизайн саласындағы әрбір маманның тиімді өсуі мен шеберлігін шыңдауға бірлесіп қол жеткізу.

«Бүгінді дизайнерлердің көбі майдегерлік кәсіппен айналысады, әркім өзінше бөлек. Бұл тиімсіз. Өйткені оларға бәрін жекелей іздеуге тура келеді, кімнен оқып, қайдан білім алуді білмейді. Кейін болжаммен, тәуекелге бел буып, жеке бренд құруға тырысады, дайын өнімді қалай өткізу керегін білмей жатады. Біздің қауымдастық дәл осындай мүмкіндіктерді береді: кейін өніммен республикалық және халықаралық деңгейге шығу үшін оны қалай өтімді ету, дұрыс ұсына білуді үйретеміз», – деп атап өтті Жанна Елтанова.

Спикердің айтуынша, Дизайнерлер қауымдастығын құруға «Janna Eltanova» сән үйі, «Amanat Eco Group» ЖШС, «Бірінші көліктік телевизия», «Turan Models» модельдік агенттігі, «Art School 2020» ЖШС, «Кенжеғұлова» ЖК басшыларының қолдауымен құрылды. Олар қауымдастықтың құрылтайшылары болды. Бүгінде бірлестіктің құрамында 40 киім дизейнері, суретші, арт-директор бар.

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Мәдина Тұрсынбекова жақын арада қазақстанықтар «Made in Shymkent» отандық брендпен өнімдер жаппай шығарылатынына куә болатынына сенімді. Оның айтуынша, Шымкент  кәсіпкерлікке бейім, креативті адамдар шаһары. Әсіресе өңірде туризм саласы дамып келеді. Өз кезегінде палата құқықтық қолдау, сүйемелдеу немесе сервис қызметтері бойынша көмек көрсетуге дайын.

Дизайнерлер қауымдастығы республикалық және халықаралық деңгейдегі көрсетілімдерге  қатысатын авторлық коллекциялар шығару, отандық өндірушілердің брендін қалыптастыру және Шымкент қаласының мәдениет және fashion-технологиялар орталығы ретіндегі имиджін нығайтуды жоспарлайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте сакура гүлдеді
  • Агенттік өкілдері жемқорлар ұрланған ақшаны көбінесе қайда жұмсайтынын айтты
  • Садрадиннің Шымкентте өткен концертінен шу шықты
  • Шымкентте саябақтардың орнына тұрғын үйлер салынбайды
  • Шымкентте Наурызды тойлауға 151 млн теңге бөлінді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер