«Diamond Navat» науаты республика көлемінде тарауда

Screenshot_10.jpg

Шымкент қаласында науат өндірісі қарқын алып келеді. "Тассай" индустриалды аймағында орналасқан «NURTAU Distribution Company» серіктесті кристалдандырылған науат өндіруде. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті өндірісті насихаттау барысында "Шымкентте жасалған" жобасы аясында әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"Diamond Navat" атты кристалдандырылған науатты тек балалар емес, ересектер де сүйсініп жейді. Бұған дейін жеңсік тәттіні Шымкентке Өзбекстаннан алып келетін. Дегенмен шетелге тәуелді болмай, науатты өзімізде, Шымкентте өндіру ісі қолға алынды. Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының қолдауымен «NURTAU Distribution Company» бүгінде тәулігіне 2-3 тонна арасында өнім шығарады. 

Серіктестік жұмысшысы Асыл Насырдың айтуынша, науат өндіруге қант көп мөлшерде кетеді. Себебі науаттың негізгі құрамы - қанттан тұрады екен. Одан бөлек, түрлі қоспалар араластырылады. Шымкенттік науатқа химиялық қосындылар қосылмайды. Тек табиғи өнімдер қосылады. Сондықтан да шымкенттік науат өте дәмді әрі денсаулыққа зияны жоқ.

Мұнда науаттар түрлі форматта өндіріледі. Үлкен және кіші, таяқшадағы және ұсақ науаттар өндіріледі. Бұл туралы өндіріс басшысы Асқар Төлиев мәлімдеді.

- Мұнда таяқшадағы науаттан бөлек, ұсақ науаттар шығарылады. Ұсақ науаттар таразыда килограмдап сатылады. Себебі базарда науатты келілеп алатындар көп. Және олардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Науат қысы-жазы сұраныста болатындықтан бізде өндіріс маусымға байланысты тоқтамайды, - дейді өндіріс басшысы.

Кәсіпорын республиканы науатпен қамтамасыз етуде. Өнімдерін алдағы уақытта экспортқа шығаруды да көздеп отыр.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер