Өнер жұлдыздары да референдумға қатысып жатыр

Референдумға Шымкент қаласының мәдениет майталмандары,  өнер жұлдыздары да қатысып,  өз таңдауларын жасады. 

1000233769.jpg

Атап айтқанда, елімізге танымал танымал өнер жұлдызы Астана Қарғабай №99 учаскеге келіп, өз таңдауын жасады.

- Жастар қоғамның белсенді мүшелері. Азамат ретінде бүгінгі науқанға жауапкершілікпен келдім. Бүгін қабылдаған әрбір шешіміміз болашағымызға әсер ететініне сенемін. Референдумда қоғамды жақсылыққа ұмтылуда біріктіретін маңызды шешім қабылдануда, - дейді Астана Қарғабай.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы дауыс беру учаскелерінде таңдау жасауға барлық жағдай жасалынған. Тіпті, кей учаскелерде дауыс берушілерге арнайы сыйлықтар таратылды. 

Сондай учаскенің бірі №290 референдум учаскесі. Онда 18 жасқа толып, алғаш дауыс беруге келген жасқа және отбасымен келген тұрғындарға сыйлық үлестірілді.

Шалғай ауданда орналасқан дауыс беру учаскесіне 2686 адам тіркелген. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В акимате Шымкента обсудили проект новой Конституции Республики Казахстан
  • Шымкент қаласының әкімдігінде жаңа Конституция жобасы талқыланды
  • Қазақстанның жаңа конституциясы: Ескі мен жаңаны салыстыру
  • Әділеттілік, заң және тәртіп: Жаңа конституцияның негізгі құндылықтары
  • 2026: Конституциялық реформа – халық бастамасы мен ашықтық негізінде
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер