Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков  өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған қарапайым дәнекерлеуші  Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады Қала әкімі  қайғылы оқиғаның алдын алған газ  қызметкерінің  қырағылығы  мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді. 

Screenshot_4.jpg

Ал қарапайым газ жабдығын тексеру барысында  шынайы ерлікке айналған оқиға 14 қазанда орын алған. Ермахан Манқараев белгіленген мекенжай бойынша шақырту алып, көршінің өтінішімен оның пәтеріндегі газ жабдығын тексеруге келіседі. Тексеру барысында ол көміртегі тотығының қауіпті деңгейін анықтап, дереу шара қолданған.

Пәтер иесінің айтуынша, олар пәтерге кіре алмай, іште біреудің әлсіз дауыспен сөйлеп жатқанын естіген. Қосалқы кілт арқылы есікті ашып кіргенде, ес-түссіз жатқан балаларды және ауыр халдегі ананы табады.

Ермахан Манқараев көміртегі тотығының деңгейін тексергеннен кейін бірден газ аспаптарын сөндіріп, терезелерді ашып, балаларды құтқаруға кіріскен. Балалардың бірі ауыр қалде болғандықтан, слесарь дереу жүрекке жабық массаж жасайды, осыдан кейін бала тыныс ала бастайды. 

«Мен балаларды таза ауамен демалуы үшін ашық терезенің жанына жатқыздым және әкесін шақырдым, ол да есінен танғандай еді. Ал аналарымен пәтер иесі мен көршісі айналысты», — дейді Манқараев.

Жедел жәрдем жеті минуттан кейін келген. Дәрігерлердің айтуынша, слесарьдың шұғыл әрекеттері отбасын өлімнен құтқарып қалды, себебі отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен ауыр уланған күйде жеткізілген.

Астана қаласынан Шымкентке демалысқа келген зардап шеккен отбасы Ермахан  мен  басқа да көмек көрсеткен жандарға алғысын білдірді: «Егер Ермахан аға және басқалар болмағанда, біз қазір тірі болмас едік», — деді балалардың анасы.

Айта кету керек, пәтердегі қауіптің көзі дұрыс орнатылмаған газ колонкасынан болған. Оған қоса, мұржасы қоқыспен бітеліп қалған.

Осыған орай, әкімшілік тұрғындарға газ жабдықтары мен мұржаларды үнемі тексеріп отырудың маңыздылығын еске салды. 

Ал Шымкент әкімдігі жанында газ техникалық инспекциясы жұмыс істейді, оның міндеттеріне газ жабдықтарының жағдайын тексеру және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу кіреді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • В Шымкенте началось строительство Экопарка на месте бывшего мусорного полигона
  • Өнер жұлдыздары да референдумға қатысып жатыр
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер