Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда

image.png

Шымкент қаласында еліміздегі ең ауқымды жылыжай кешендерінің бірі салынып жатыр. Ауқымды жобаны Түркияның Alarko Holding компаниясы жүзеге асыруда. Жалпы инвестиция көлемі – 650 миллион АҚШ доллары, ал кешеннің жалпы аумағы – 650 гектар.

 Жоба екі кезең бойынша іске асырылады. Бірінші кезең аясында 2026 жылдың соңына дейін 208 гектар аумақта жылыжайлар тұрғызылып, оған 226 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылмақ. Ал екінші кезең Мәртөбе тұрғын алабында жүзеге асады. Бұл кезеңде 441 гектар жер игеріліп, 423 миллион АҚШ доллары бағытталады.

 Қазіргі таңда құрылыс конструкцияларының монтажы аяқталып, қажетті жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жалпы көлемі 40 гектарды құрайтын алғашқы жылыжай кешені 2025 жылдың шілде айында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс алаңында бүгінде екі ауысыммен шамамен 400 жұмысшы еңбек етуде.

 Бірінші кезең толығымен іске қосылған соң, 1 750 жаңа жұмыс орны ашылады. Жобаның өндірістік қуаты – жылына 51 мың тонна өнім.

 Кешен толық іске қосылғанда, жылына 175 мың тоннаға дейін қызанақ өндіріледі. Өнім тек ішкі нарыққа емес, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Жапония және Ресей Федерациясына экспортталады. Жобаның толық жүзеге асырылуы нәтижесінде 5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

 Бұдан бөлек, жоба шеңберінде бірқатар әлеуметтік және білім беру бастамалары қолға алынған. Атап айтқанда, балаларға арналған ойын алаңдарын салу, агросала мамандарын даярлайтын академия ашу, сондай-ақ экологиялық таза технологияларды енгізу жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер