Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы жасалды

image.png

Шымкентте үшінші жүрек трансплантациясы сәтті жасалды. Донорлық жүрек Тараз қаласынан жедел түрде, 1,5 сағаттан аспайтын уақытта жеткізілді. Реципиент – 41 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны, педагог мамандығы бойынша еңбек етеді. Ол 2012 жылдан бері жүрек жеткіліксіздігінің ауыр түрімен ауырып келген.

 Донорлық органды алу, оны тасымалдау және жүректі ауыстыру операциясы барлық медициналық әрі этикалық талаптарға толықтай сай жүргізілді. Күрделі ота Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен, жоғары санатты дәрігер-кардиохирург Дархан Сүйгенбаевтың жетекшілігімен және Тараз қаласындағы әріптестердің, UMC командасының, сондай-ақ тартылған барлық қызметтердің кәсіби әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде сәтті аяқталды.

 Бұл оқиға — Қазақстандағы трансплантология саласының дамуы жолындағы маңызды кезең саналады. Сонымен қатар, өңірлер арасындағы тиімді ынтымақтастықтың жарқын үлгісі ретінде бағаланды.

 Айта кетейік, мәйіттен алынған жүрек трансплантациясы Шымкентте үшінші рет жасалып отыр. Бұған дейін Жүрек орталығының білікті дәрігерлер командасы екі рет ағза алмастыру отасын сәтті өткізіп, қос науқасқа жаңа өмір сыйлаған болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте состоялся финал республиканского конкурса «Мир Абая»
  • Шымкентте «Абай әлемі» республикалық байқауының финалы өтті
  • День Абая в Шымкенте превратился в настоящий духовно-культурный праздник
  • Шымкентте Абай күні рухани-мәдени мерекеге айналды
  • Шымкент: "Таза қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы кезекті тазалық іс-шарасы өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер