​Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ҚР Бас Прокуроры — Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асыловпен, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналинмен бірге осы ауқымды спорттық іс-шараның ашылу салтанатына қатысты.

1000462680.jpg

Қала басшысы спортшыларды, жаттықтырушылар мен қонақтарды чемпионаттың басталуымен құттықтап, ұйымдастырушыларға, спорт федерацияларына және турнирді жоғары деңгейде өткізуге күш салған азаматтарға алғысын білдірді.

Айта кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен өткізілген чемпионатқа мәртебелі қонақтар жиналды. Олардың қатарында Халықаралық спорттық ату федерациясының президенті Лучано Росси, Азия ату конфедерациясының басшысы шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабах, әлемдік спорт ұйымдарының өкілдері бар. Олардың қатысуы жарыстың жоғары мәртебесін аңғартады.

16-30 тамыз аралығында "Shymkent Shooting Plaza" базасында 27 елден 800 спортшы "тапанша", "мылтық", "қозғалмалы нысана", "стендтік ату", "трап", "скит" және "скит-микс" бойынша жарысады. Чемпионат аясында 700-ден астам медаль ойналады. Сондай-ақ жарыс екі олимпиадалық спорт түрі бойынша өтеді: нысана көздеу және стенд ату.

Жарыстың мақсаты- атқыштар спортын насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру,  рейтингісін анықтау және жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент — столица стрелкового спорта: стартовал чемпионат Азии
  • ​Шымкентте спорттық атудан XVI Азия чемпионаты басталды
  • Шымкент – халықаралық спорттық туризмнің жаңа орталығы
  • Бірлік – ел дамуының негізгі тірегі
  • Инфраструктурный прорыв: планы строительства в Акмолинской области
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер