Қазақстан теміржол инфрақұрылымын қарқынды дамытып жатыр

Өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші кезектегі инфрақұрылымдық проблемаларды шешу қажеттігіне назар аудартты. 

Screenshot_2.jpg

Осы тапсырманы орындау аясында Қазақстанда елдің көлік-логистика әлеуетін дамытуға арналған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Бүгінде осы бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды түрде жүруде. Теміржол саласында ұзындығы 1,3 мың шақырымнан астам 4 жоба жүзеге асырылып жатыр: «Достық – Мойынты», Алматы айналма жолы, «Дарбаза – Мақтаарал» және «Бақты – Аягөз». 

Биыл Алматы айналма жолы мен «Достық – Мойынты» учаскесінің екінші жолдары аяқталады, бұл жүк тасымалы көлемін бес есеге арттыруға мүмкіндік береді. «Транс-Қазақстан теміржол дәлізі» ауқымды жобасы іске қосылды: «Мойынты – Қызылжар» учаскесін (366 шақырым) салу және 1,6 мың шақырым жолды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.  Алдағы 5 жылда 16 мың шақырым жол салу және жөндеу жоспарлануда.

«Сондай-ақ 125 вокзал жаңғыртылуда. Ғимараттардың қасбеттерді, инженерлік желілері, залдарды, платформалары жаңартылуда, мобильділігі төмен азаматтар үшін қауіпсіздік жүйелері мен ыңғайлы жағдайлар жасалуда. Биыл жолаушылар вагондарының паркі 175 бірлікке толықтырылады, оның ішінде Stadler компаниясының 51 вагоны бар», — деп атап өтті Мақсат Қалиақпаров.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ынтымақ пен татулық – Қазақстанның басты құндылығы
  • Қазақстан теміржол инфрақұрылымын қарқынды дамытып жатыр
  • По поручению Президента развивается мультимодальный сервис «одного окна» на Среднем коридоре
  • В Шымкенте члены АНК поддержали 532 школьника в рамках акции «Дорога в школу»
  • Қазақстан Конституциясына - 30 жыл
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер