Мемлекет басшысының жолдауы: Болашаққа жаңа қадаммен

Бүгін Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» Жолдауы барша отандастарымызға тың серпіліс беретін, жаңа нәтижелерге жоспарлар айқындалған тарихи сәтке куә болдық. 

1000472775.jpg

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуына, отандық ғылым және жоғары білім саласына қатысты маңызды мәлімделер жасады. Жолдауда Мемлекет басшысы ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстырудың маңызына тоқталды. Еліміз білім экономикасына көшіп жатыр. Сондықтан, ғылым, білім, инновация саласын басқару тәсілдерін өзара байланыстыру керек. Сондай-ақ жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болатынын атап өтті.

Сонымен қатар Президент өз сөзінде: «Үкімет дарынды зерттеушілерді қолдау үшін қосымша шаралар қабылдауға тиіс. Білікті мамандарымызды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізу керек. Кадр тапшылығын жою үшін көші-қон саясатын да қайта қараған жөн» деп нақты басым-бағыттарды нақтылады. 

Дархан Ахмед-Заки,

М.Әуезов атындағы ОҚЗУ

Басқарма Төрағасы-ректоры

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Президент жолдауында ғылым мен жоғары білім саласына айрықша басымдық береді
  • Мемлекет басшысының жолдауы: Болашаққа жаңа қадаммен
  • Ауылшаруашылығы саласының әлеуетін толық пайдалануымыз керек
  • Дәрігерге деген құрмет әрқашан да бөлек болуы керек
  • Ұлттық өнімдерді сыртқы нарықта кеңінен таныстыру – елді әлемге танытудың бір жолы
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер