Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы еліміздегі барлық мектеп педагогтеріне арналған оқыту курстарын бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты – қатысушылардың білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен пайдаланудың қағидаттары туралы түсінігін қалыптастыру.

image.png

Оқыту барысында этика мен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше мән беріледі: баланың игілігіне басымдық беру, академиялық адалдықты сақтау және дереккөздерді белгілеу, қолданудың заңдылығы мен дербес деректерді қорғау, жас ерекшелігін ескеру мен педагогикалық бақылауды қамтамасыз ету. Сондай-ақ жасанды интеллектінің шектеулері мен алгоритмдік бейтарап еместігінің ықтималдығын да түсіну қажет.

Қатысушыларға негізгі ЖИ-құзыреттер ұсынылады.

•Педагог үшін – сабақ мақсатына сәйкес құралдарды негізді таңдау, алынған жауаптарды сыни тұрғыдан бағалау, этикалық және қауіпсіздік нормаларын сақтау, әдістемелерді үнемі жетілдіріп отыру.

•Оқушы үшін – жасанды интеллектінің табиғаты мен шектеулерін түсіну, ұсынылған жауапты қабылдау, түзету немесе қабылдамау қабілеті, ықтимал бейтарап еместікті анықтау, академиялық адалдық қағидаттарын ұстану және пәнаралық жобаларға қатысу.

Оқыту материалдары ресми құжаттар негізінде әзірленді:

•«Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары»;

•«Оқу үдерісінде жасанды интеллектіні этикалық қолдану жөніндегі нұсқаулық».

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы орта білім беру жүйесіне инновациялық тәсілдерді енгізуді жалғастыруда. Академия мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсетіп қана қоймай, оқушылардың заманауи технологияларды жауапты әрі саналы қолдану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етіп келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В школах стартовало обучение по ответственному применению ИИ
  • Мектептерде жасанды интеллектіні жауапкершілікпен қолдану бойынша оқыту басталды
  • Шымкентте жеңіл өнеркәсіп мамандарына арналған пресс-тур өтті
  • Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»
  • Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздей
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер