Шымкентте 50 мың бейнекамера орнатылады

Без названия.jpg

Қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өткен жылда атқарылған жұмыстары жөнінде халық алдында есеп берді.  Сонымен қатар, баяндамасында алдағы жоспарларына тоқталды.  Жақында  «Тұран» шағын ауданында 8 гектар жерге 5 мың орындық 14 жатақхана тұрғызылмақ. Жеке кәсіпкерлер арқылы 200 және 500 орындық жатақхана салу үшін келісімшарт жасалыпты.   

«Қазір қалада 1200 автобус қоғамдық көлік саласында қызмет көрсетуде. Оның жартысы сапаға сай келмейді. Осы мəселені шешу үшін ірі жобаны қолға алдық. Жоба аясында биыл Шымкентке 1000 автобус келеді. Демек, жаңа автобуспен бірге тағы жаңа 3000 бос жұмыс орны ашылады» деді әкім Биыл 10 жаңа мектептің құрылысына 7,5 млрд теңге және 5 мектептің қосымша құрылысына 672 млн теңге қарастырылды. Яғни, биыл 19 үш ауысымды мектептің 3-нің мәселесі шешіледі. Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2021 жылға толық шешу жоспарланып отыр. Жол қауіпсіздігі саласында «Сергек» пилоттық жобасы іске асырылуда. Бүгінгі күнге дейін шаһарда 104 камера орнатылды. Биылғы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалаға 50 мың бейнекамера орнатып, орталықтандырылған «Call-center» ашу жоспарлануда. Шымкентте мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы 500 адамға арналған емхана құрылысы, сонымен қатар 100 жедел жәрдем автокөлігін сатып алу жұмыстарын бастадық. Тұрғындарға ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық қалалық емханаларға электрондық кезек жүйесі орнатылды. 


                                                             Динар БОРАНБЕКҚЫЗЫ

 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер