Шымкентте қылмыс саны 13 пайызға төмендеген

Screenshot_2.jpg

Шымкентте тіркелген қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 13 % төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі. 

Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Жұмахамбетов Ералы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша құқықбұзушылықтың алдын алуда және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті сақтауда атқарылған профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде қала көлемінде тіркелген қылмыстардың саны өткен жылмен салыстырғанда 11856-дан 10314-ке яғни 13 % төмендеп, қылмыстардың ашылу пайызы 32-ден 35-ке жақсарған. 

"Аса ауыр қылмыстардың саны 49-дан 27-ге, яғни 45 пайызға, адам өлтіру жайттары 20-дан 11-ге, яғни 45 пайызға, денеге ауыр дәрежеде жарақат салу бойынша 54-тен 36-ға, яғни 33 пайызға, қарақшылық қылмысы 19-дан 16-ға, яғни 16 пайызға, тонау жайты 379-дан 258-ге, яғни 32 пайызға, бұзақылық қылмыстар 418-ден 360-қа, яғни 14 пайызға, ұрлық жайты 7168-ден 6177-ге, яғни 14 пайызға, бопсалау қылмысы 21-ден 14-ке, яғни 33 пайызды құрап жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік",-дейді Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмахамбетов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер