«Білмеймін, кімді атуға келгенін, мені ме, сізді ме?»

12.jpg

Бүгін Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұловтың №72 мектептің мәжіліс залында өткен ел алдындағы есебіне Бозарық елді мекенінен келген Валихан Юсупов осылай деді. Өзін Бозарықтағы Ардагерлер кеңесінің төрағасымын деп таныстырған ол «мен әр сөзіме жауап беремін» дейді. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр қатысып отырды.

– Жетістіктеріміз бәрімізге белгілі ғой. Мақтау бергенше кемшіліктерімізді айтайық. Исмайылов, Мәуленқұлов, Қантөреев деген әкімдер істеді. Сол басшыларға кез келген уақытта барып жолыға алатынбыз. 10-15 минутта кеңесіп, мәселе шешілетін еді. Кешірерсіз, сізге кіру өте қиын. Недоступен болып қалдыңыз ғой. Бір рет әрең қабылдадыңыз, онда да жоғарыдан тапсырумен. Екі қолыңыз қалтада, басыңызды көтермейсіз, тыңдамайсыз. Сразу білдім, мәселемізді шешпейтініңізді. Мәуленқұлов атып тұрып амандасып, мәселемізді реттеп беретін. Бұл сіздің өте үлкен қателігіңіз! Біздің ардагерлер кеңесі бұрын сізге дейінгі үш әкіммен кеңесіп жұмыс жасайтын. Соған кішкене көңіл бөлуіңіз керек еді. Өткенде ұшақ құлап, қаралы күн жариялардан бұрын ардагерлер жиналып, сізді шақырдық. 40-50 ардагерге жолығып кетуге жарамадыңыз. «Әкім бол, халыққа жақын бол» дегенді мен шығарған жоқпын. Халыққа жақынырақ болу керек еді. Сіз бүгін әкімсіз, ертең болмауыңыз мүмкін. Кім біледі, кеше Айтаханов отырған, бүгін жоқ. Қанша уәде бердіңіз, екі-үш ай өтті біреуі де орындалған жоқ. Бозарықта қаңғыбас иттер үйір-үйірімен жүр. Көшелелер жарықтандырылмаған. Балалар мектептен қараңғы түсе қайтқанда иттерден өте алмай қорқып жылайды. Біз ит қуып жүрміз. Ит атушылар келмейді. Бірақ, сіз мектепке келген күні ит ататындар мәшинесімен келді. Олар білмеймін, кімді атуға келгенін, мені ме, сізді ме? Сіз кеттіңіз, ол мәшине де кетті. Қазір иттердің бәрі тойлап жатыр. Құтырған ит баланы тістеп, ауруханаға барғанда ғана қимылдайсыздар ма... Ал сіз мақтанып айтып тұрсыз. Мен әр сөзіме жауап беремін. Біз сіздің жұмысыңызға қанағаттанбаймыз, – деді Валихан Юсупов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер