Тауарлар тұрақтандыру қорында

Screenshot_2.jpg

Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар тауарларды жеткізу үшін келісім-шарттар түзілді. Бұл тауарлардың қатарына ұн, макарон, күнбағыс майы, қант кіреді. Бүгінде қалада азық-түлік қоры жеткілікті. Халықтың дүрбелеңге салынуына негіз жоқ дейді мамандар.

Азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру үшін, әлеуметтік кәсіпкерлік-корпарациясы 11 әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Gramad Retail» ЖШС-мен келісім шарт жасаған. Соның негізінде тауарлар бағасы аталмыш сауда орталығының 2 супермаркетінде, сонымен қатар қалада орналасқан 4 базарда және қолжетімді жерде орналасқан 44 бөлшек сауда дүкендерде тұрақтандырылған. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді.

Ал өңірлік азық-түлік тауарлары қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімімен азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру үшін жалпы 9 250 тонна тұрақтандыру қорына тауарларды сату арқылы интервенция жасау туралы шешім қабылданды. 

Атап айтқанда, оның ішінде ұн - 6000 тонна, қант - 2000 тонна, күнбағыс майы - 250 мың литр, макарондар - 1000 тонна.

Әлеуметтік маңызы бар тауарларға байланысты сауалдарыңыз болса 39-50-55 телефонына хабарласуларыңызға болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Көксай аумағын жаңарту аясында 20 отбасы жаңа пәтерлі болды
  • В Шымкенте 20 семей получили новые квартиры в рамках модернизации «Зелёной балки»
  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер