Бетперде тапшылығын болдырмауда

Screenshot_3.jpg

Үшінші мегаполисте күн сайын жергілікті кәсіпкерлермен бірге күніне 100 мыңнан астам медициналық бетперделер тігіліп, қала аумағындағы дәріханалар мен базарларға жеткізілуде. Мемлекеттік мекемелер мен халық көп шоғырланатын нысандарға көп рет қолдануға жарайтын 285 мың дана медициналық бетперде таратылды. 

Төтенше жағдай кезінде медициналық бетперде тапшылығын болдырмау үшін бетперделер шығаратын кәсіпорындар атап айтсақ, «Гаухар», «Azala Тextile», «АГФ групп» ЖШС-і, «ALATEX» жеңіл өнеркәсіп орындары қуаттылығын және антисептиктер мен басқа да дезинфекциялықзаттар шығаратын өнімдерінің көлемін арттыру шаралары қабылданды. Бүгінгі таңда бетперделердің бағасы 150-200 теңге көлемінде сатылуда. Бұл баға бетпердеге кететін материалдар мен басқа да шығындарды есептегенде шығатын құны. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Шымкент қаласы төтенше жағдай штабының өкілі Қанат Жүнісбеков мәлімдеді.

Бетперделердің барлығы Шымкент қаласындағы жергілікті кәсіпорындарда тігілген. Мұнан бөлек қала аумағындағы дәріханаларға жергілікті жерде өндірілген 185 мың дана бетперде түсті. 

Маска шығарып отырған кәсіпорындар барынша уақытылы әрі сапалы бетперделерді дәріханаларға жеткізіп отыр. Бірақ халықтың айтуы бойынша індеттің күрт таралуына байланысты адамдар жаппай алып кетуде. Тиісті органдар бетперде бағасының негізсіз қымбаттамауын қадағалап отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер