Медицина мамандары кезекшілікпен қызмет етіп жатыр

Screenshot_5.jpg

Короновирус пандемиясының өршіп тұрған шағында еліміздегі барлық медицина қызметкерлері аяғынан тік тұрып ел алдындағы қызметтерін атқаруда. Шымкентке қаласына бекітілген 13 санитарлық бекетте медицина мамандары тәулік бойы кезекшілікте тұр. Олар қалаға кірген көліктер тоқтатылып, дәрігерлер жүргізушіден бастап жолаушылардың дене қызуын өлшейді.

Блок-бекеттердегі медициналық пункттер байланыссыз термометрлермен толық қамтамасыз етілген. Медицина мамандары 8 сағат сайын ауысып, үш ауысымда жұмыс істейді. Қаланың кірме жолдарындағы блок-бекеттерде 13 жедел медициналық жәрдем бригадасы, 13 бірлік санитарлық автокөлік, 13 фельдшер ЖМК, 13 жүргізуші бар. Әр бекетте 45 орта медициналық қызметкер яғни, фельдшер, медбике жұмылдырылған. Санитарлық бекеттер талапқа сай жұмысын атқарып, қалаға кіріп жатқан әр автокөлікті қатаң тәртіпке орай өткізіп жатыр.

Еске сала кетсек, Шымкент қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында 31 наурыз күні сағат кешкі тоғыздан бастап бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі. Атап айтсақ, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады. Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Қала аумағында барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкент: Көксай аумағын жаңарту аясында 20 отбасы жаңа пәтерлі болды
  • В Шымкенте 20 семей получили новые квартиры в рамках модернизации «Зелёной балки»
  • Шымкент: Жедел жәрдем қызметіне 30 жаңа автокөлік табысталды
  • 30 новых санитарных автомобилей переданы службе скорой помощи Шымкента
  • В Шымкенте состоялась очередная акция в рамках акции «Таза Қазақстан»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер