Демеушілер де үлес қосуда

Screenshot_6.jpg

Шымкенттік демеушілер ел басына төнген короновирус індетімен күресуге көмек қолдарын созуда. Әл-Фараби ауданында орналасқан 672 көпқабатты үй, 2 244 кіреберіс пен 400 ойын алаңында дезинфекция жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес арнайы мамандар жүргізеді. Жұмылдырылған азаматтар арнайы техникамен, қорғаушы костюм және арнайы шашушы құралдармен қамтамасыз етілген. Қолданылып жатқан ерітінді адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында орналасқан 672 көпқабатты үй, 2 244 кіреберіс пен 400 ойын алаңында дезинфекция жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Аудан бойынша дезинфекция жұмыстарын жалпы 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан жұмыс атқарылуда. Залалсыздандыру жұмыстарына демеушілер де атсалысуда, - деді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов.

Әкімнің айтуынша, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қаланың 125 көшелерін ұзындығы 280 шақырымында залалсыздандыру жұмыстарын атқаруға 20 дана техника 20 адам және 1148 аялдамалар мен урналарды залалсыздандыруға 12 техника 35 адам жұмылдырылып, залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда.

Аудан аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс алаңшасына қызмет көрсетуші «ОрионНовТех» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і мекемелері тарапынан залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, - деді Ғ.Мәуленқұлов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер