Дыбыскүшейткіш құралмен қауіпсіздік шаралары түсіндірілді

Screenshot_7.jpg

Шымкент қаласының әкімдігі құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп, адам қарасы көп жерлерде дыбыскүшейткіш құралдың көмегімен сақтық шаралары туралы ақпараттар беруде.

Енгізілген қосымша шектеу шаралар туралы халықты құлақтандыру жұмыстары 2020 жылғы 29-30 наурыз аралығында ұйымдастырылып, қала аумағында 19 сауда орындарын, 4 елді мекендерді және 5 көшені қамтыды. Атап айтар болсақ, Ігілік, Көкбұлақ, Тәуелсіздік 20 жыл, Жаңаталап бойынша түсіндірілді.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің автокөлігімен адам көп жүретін көшелерде, аулалар мен базарларда, қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын сақтау туралы айтылып, оқыс жағдайда үрей туғызбау, көпшілік орындарға бармау, жалған ақпарат таратпау, мүмкіндігінше үйде отыру жайлы түсіндірілуде.

Еске сала кетсек, қазіргі таңда Шымкент қаласына кіретін-шығатын автожолдарда 12 блок бекеті қойылған. Блок бекеттерде медицина мамандары халықты ақпараттандыру, азаматтардың қозғалысын бақылап, дәрігерлер жолаушылардың дене қызуын өлшейді. Бірақ аудандардан кез-келген адам немесе автокөлік қалаға кіре алмайды. Қалаға кіретін барлық жолдар жабылып, автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады. Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі. Шымкент қаласында жергілікті тұрғындарға құлақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қолжетімді баға, сапалы өнім: Шымкенттегі сенбілік жәрмеңкелер өтуде
  • Рухы мықты жандардың энергиясы: Шымкентте IV «Жігерлі жүрек» форумы өтті
  • Тоқаев ел жастарына: «Сіздерге отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екенін білдіретін орайлы мүмкінді
  • Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам
  • ОРК референдум алдында үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатынын еске салды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер