Санитарлық талаптардың сақталуымен бірқатар нысандар ашылды

Screenshot_2.jpg

Үшінші мегаполисте бүгіннен бастап бірнеше нысан өз жұмысын бастады. Олардың арасында тамақтану орындары да бар. Енді қатаң тексеріс мен сақтық шараларын ұстана отырып, олар белгілі бір уақыт аралығында жұмыс істейтін болады.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев 28-мамырдан бастап, жұмысын бастауға рұқсат берілген орындарды мәлімдеді.

-Қалада індеттің таралуы әлі төмендеген жоқ. Керісінше, күн сайын жоғарылап келеді. Сондықтанда санитарлық талаптар қатаң бақылауда болады,- дейді дәрігер.

Тамақтану орындарына өз жұмысын бастауға рұқсат берілді. Дегенмен қатаң талапты орындаса ғана. Дәмханалар таңғы 10:00 мен 18:00 аралығында жұмыс істейді.

Тамақтанушылар арасында арақашықтық сақталуы керек. Есік алдында арнайы қызметкер келушілердің қызуын өлшеп, қал-жағдайына зер салуы тиіс.

Сонымен қатар, тамақтан бір реттік ыдыстармен немесе көп реттік ыдыстар залалсыздандырылып отыруы тиіс. Ал, жұмысшылар міндетті түрде бетперде мен бір реттік қолғаптармен қамтамасыз етілуі керек.

Жазғы алаңдар мен спорт алаңдары және базарларда осы сынды талаптарды орындай отырып, өз жұмыстарын бастауға рұқсат берілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Шымкентте еліміздегі ең ауқымды жылыжай салынуда
  • Шымкенттегі ерекше субұрқақ: көрікті орындарды көзбен көріңіз
  • Шымкенттегі университетте аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
  • Шымкентте қараусыз қалған 92 жастағы тыл ардагері ауыр халде жабық пәтерден табылды
  • Руслан Берденовтің ауруханадағы фотосы жарияланды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер