18 ауыл шаруашылық жобасы жүзеге асырылуда

Screenshot_2.jpg

Ауылшаруашылыққа қолайлы Шымқалада агробизнес жыл санап өркендеп келеді. Мәселен Шымкент қаласының агроөнеркәсіп кешенінде биылғы жылы жалпы құны 8,6 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері хабарлады.

Атап айтқанда 15 гектар жерге қарқынды алма бау, 20,7 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешені, тауарлы сүт фермасы, құс етін және жұмыртқа шығаруды кеңейту мен ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу, жеміс-көкөністі қайта өңдеу, ірімшік өндіру кәсіпорнын кеңейту, ұн өндіруді модернизациялау, мал бордақылап, ет өндіру және асыл тұқымды етті-сүтті бағыттағы ІҚМ кешені сынды жобалар жүзеге асырылатын болады.

Нәтижесінде жыл сайын қосымша 300 тонна алма, 5,1 мың тонна көкөніс, 1,5 млн литр сүт, 40 миллион  дана жұмыртқа, 2,2 мың тонна құс еті, 20 миллион банка консерві өнімдері, 500 тонна сыр, 1 250 тонна ет өндірілетін болады.

Басқарма мамандарының мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда «Д-Сабыр» ЖК құны 150 млн теңге болатын 15 гектарға қарқынды алма бау, «Колесников А.В» ШҚ және «Arman-AGRO» ШҚ жылыжый кешені, «Тассай құс» ЖШС және «Шымкент құс» ЖШС құс фермаларын кеңейту бойынша жобаларының құрылыс жұмыстары аяқталып іске қосылды. Қалған 14 инвестициялық жобаларда құрылыс жұмыстары жүруде.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер