Автовокзалдар талапқа сай жолаушы тасымалдауда

Screenshot_9.jpg

2-ші  маусымнан бастап Шымкентте автовокзалдар жұмысын бастады. Демек, Түркістан облысындағы қала, ауданаралық байланыс ашылды. Облысаралық бағыттар бойынша жолаушылар әзірге «Шымкент Алматы-Шымкент», «Шымкент -Тараз-Шымкент», Байқоңырға қатынай алады.

Алматы бағытында жолға шығатын жүргізушілердің бірі Біржан Тәкіш автобус жолаушыларды тасымалдауға дайын дейді.

Салонда дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, көлік жүргізушісінің де жұмыс орны залалсыздандырылуда. «Бүгін алғаш рет Алматыға жол жүреміз. Әзірге он шақты адам жазылды.  Адамдар карантинде жүрексініп қалған ба, жолаушылар аз»,- дейді автобус жүргізушісі Біржан Тәкіш.

Айта кетейік, екісінен бастап Шымкенттен өңірлер мен аудандарға жолаушы тасымалдайтын автобустар жолға шыға бастады. Жауаптылардың айтуынша, әзірге Түркістан облысының қала, аудандарынан бөлек Шымкенттен Алматыға, Таразға және Байқоңырға ғана бағыт ашылыпты.

Шымкент аумағында 4 автовокзал мен 2 автобекет жолаушылар тасымалымен айналысады. 9 облысаралық бағыт бойынша 67 кестеге сәйкес халыққа қызмет көрсетіледі. Карантин аяқталғаннан кейін де қауіпсіздік шаралары мұқият орындалуы тиіс екенін сала мамандары ескертеді.

 «Мемлекеттік бас санитар және Шымкенттің бас санитарының қаулысына сәйкес барлық сақтық шараларын жолаушылар да, тасымалдаушы компаниялар да міндетті түрде орындауы тиіс. Жолаушылардың  дене температуралары тепловизор арқылы тексеріліп, әр екі сағатта  көлікте, автовокзал, аумағы мен күту залдарында дезинфекция жүргізілуі тиіс» Шымкент қалалық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Наурыз Сүгірәлиев.

Автовокзалдардағы күту залдары мен кассалар аумағында залалсыздандыру шаралары әр екі сағатта жүргізілуі тиіс. Екі айдай карантинде болған тасымалдаушы компаниялар талаптарды орындаймыз, алайда аяққа тұрғанша салық төлемдерін шегерсе деген өтініштерін де айтып қалды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ж.Тәшенов университетінде жаңа жатақхананың ашылу салтанаты өтті
  • Шымкентте үздік ұлттық киім үлгілері анықталды
  • Аким Шымкента наградил слесаря, спасшего семью от гибели
  • Слесарьдың шұғыл әрекеті отбасын өлімнен құтқарып қалды
  • Шымкенте бұрыңғы қоқыс полигоны орнында экопарк құрылысы басталды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер