«Нұрсәт» шағын ауданы дезинфекцияланды

Screenshot_2.jpg

Қазіргі таңда коронавирус пандемиясы еліміз бойынша өршіп тұр,. Сонымен қатар, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында пандемия дерті жайлап, адамдар жаппай науқастанып жатыр. Осы тұрғыда Президенттің бастамасымен денсаулық сақтау министрінің жарлығымен Қазақстанда14 немесе одан да ұзаққа карантиндік шаралар енгізіп отыр. 

Шымкент қаласында барша ғимараттар мен санитарлық талаптарды толығымен сақтап отырған нысандарда күн сайын дезинфекция жұмыстары жасалып жатыр. Мысалы, Қаратау ауданы аумағындағы «Нұрсәт» шағын ауданы аумағындағы 35 көпқабатты тұрғын үйдің  ауласы мен кіреберістері жұқпалы індетке қарсы залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, қоқыс контейнерлерін мекеме тарапынан кестеге сәйкес залалсыздандыру жұмыстары тұрақты түрде атқарылуда. Ауданда жаңада қоқыс жәшіктері орнатылғанымен қатар оны дезинфекциялау жұмыстары да қарқын алып жатыр. 

Айта кетейік, Қаратау ауданында тұрғын үй аулалары мен көшелерді залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Ол үшін жұмысшылар арнайы киімдермен және құрал - жабдықтармен қамтылған. Үшінші мегаполис тұрғындарының денсаулығын сақтау және пневмония мен коронавирустың алдын-алу мақсатында сақтық, қауіпсіздік шаралары жасалуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Шымкенте открылись новый коммьюнити-центр и обновленный этномузей
  • Шымкентте жаңа комьюнити-орталық пен жаңартылған этномұражай ашылды
  • Шымкентте Орталық Азияның алғашқы жаһандық цифрлық конференциясы өтті
  • В Шымкенте прошла первая глобальная цифровая конференция Центральной Азии
  • Шымкентте «Таза қала» жалпы қалалық сенбілігі жоғары деңгейде өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер