№9 емханада күндізгі стационарда төсек орын дайын!

Screenshot_24.jpg

Шымкент қаласындағы №9 қалалық емханасы күндізгі стационар арқылы өкпе қабынуы (пневмония) және басқа да респираторлы вирусты инфекцияларды емдеуге кірісті.

Аталған емхананың филиалдарында күндізгі стационарда 44 төсек орын қарастырылған. 

Емханаға тұрғындарға 4 филиал арқылы медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде үш филиалы науқастарды емдеуге орын дайындалған. Атап айтар болсақ, Коммунизм бөлімшесінде 20 орын, Жаңа Талап тұрғын алабы 16 орын, Тұрлан шағын ауданында 8 орын әзірленген. 

Қазіргі таңда үшінші мегаполис тұрғындарының денсаулығын бақылап, оларға медициналық көмек көрсету мақсатында әр қилы іс шаралар жасалып жатыр. Оларға арнайы емханалардан орын дайындаумен қатар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қолға алған.

Күндізгі стационар медицина қызметкерлері таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін науқастарға демалыссыз емдеу жұмысын жүргізуде. 

Казіргі таңда емхананың күндізгі стационарында 179 науқас ем алуда. оның ішінде өкпе қабынуымен - 88 адам, басқа респираторлық инфекциямен - 88 адам. Сонымен қатар, күндізгі бөлімшелер дәрі-дәрмекпен толық қамтылған. 

Емханада арнайы іске қосылған Call center байланыс жүйесі арқылы тұрғындарға кеңес беріп келеді.

Елімізде орын алған эпидемиологиялық жағдайға орай індеттің алдын алу және қала тұрғындарын аурудан қорғау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • In 2026, the international Digital Almaty platform will transform into Digital Qazaqstan
  • Digital Qazaqstan форумы өтетін алғашқы қала
  • В 2026 году международная площадка Digital Almaty трансформируется в Digital Qazaqstan
  • Шымкентте конституциялық реформа жобасы түсіндірілді
  • Шымкентте кәсіпкерлерге жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері таныстырылды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер